"Босаңсуға әлі ерте" - Бекшин Алматыдағы эпидахуал туралы

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Алматының бас санитария дәрігері қыркүйектің бірінші онкүндігінде қалада қалыптасқан эпидемиологиялық жағдай туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматының бас санитария дәрігері қыркүйектің бірінші онкүндігінде қалада қалыптасқан эпидемиологиялық жағдай туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жандарбек Бекшиннің айтуынша, 9 қыркүйекке қарай Алматыдағы коронавирусқа байланысты жағдай тұрақталған. Алайда эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасында қала "қызыл" аймақта орналасқан.

"Жыл басынан бері 137 мың жағдай тіркелген, тамызда - 47 мыңға жуық, ал қыркүйектің басынан бері тоғыз мыңға жуық жағдай тіркелген. 25 тамыздан бастап эпидемияның төртінші толқыны бәсеңдеп, эпидемияның тұрақтануы байқалады, бұл COVID-19-дың үнді нұсқасына байланысты. Егер 25 тамызда 1 605 жағдай тіркелген болса, 8 қыркүйекте - 976 жағдай. Қала тұрғындары арасында аурушаңдық төмендегені байқалады. Бұл - бүгінде Алматы халқының 46 пайызында иммунитет қалыптасуына байланысты. Бірақ босаңсуға әлі ерте", - деді қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы.

Сонымен қатар, Бекшин коронавирустың таралуы тұрақталған және төмендегеннен кейін шектеу шаралары жеңілдетілгенін айтты.

"Біз Ashyq бағдарламасына нысандарды енгізе отырып, цифрландыру мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып, белгілі бір жеңілдіктер енгіздік. Алайда қарқынды эпиджағдайға байланысты негізгі шектеу шаралары жалғасады. Тағы да халықты қоғамдық орындар мен қоғамдық көліктерде бетперде режимін сақтауға, адамдар көп жиналатын нысандарға (түнгі клубтар, мейрамханалар, дәмханалар) бармауға, үй жағдайында бұқаралық іс-шараларды шектеуге, жедел вакцина алуға шақырамын", - деп толықтырды Алматы қаласының бас санитария дәрігері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro