Бостандық - Алматы қаласының қару-жарағы ең көп ауданы, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы қалалық ішкі істер департаментіне сілтеме жасап.
Бостандық - Алматы қаласының қару-жарағы ең көп ауданы, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы қалалық ішкі істер департаментіне сілтеме жасап.
Алматы қалалық ішкі істер департаментінің қару айналымын бақылау және лицензиялау бөлімінің аға инспекторы Рақым Толоқұловтың мәліметінше, жалпы қалада 1973 адамның 69 860 дана суық қаруы бар. "Тіркелген қарулардың ішінде: кесілген: 8017, тегіс оқпанды - 34 643, газды - 10 279, травматикалық оқпен атылатын газды қару - 10 440, травматикалық - 6079, пневматикалық - 371, электр қаруы - 31 дана. Бостандық ауданында 10 460 адам қару ұстайды, бұл - қала бойынша ең үлкен көрсеткіш. Екінші орында Әуезов ауданы келеді - 10 442 адам, Медеу ауданы үшінші орынды алып тұр, мұнда 9876 адам қаруын заңдастырып алған", - деді Толоқұлов.
Полиция өкілдерінің айтуынша, 1 желтоқсанға дейін қару ұстайтындардың тек 97 пайызы ғана сигнал беру жүйесі бар сейф сатып алған, бұл көрсеткішке Бостандық ауданы да еніп отыр. Еске сала кетейік, қаруы бар адам оны сақтайтын жерге сигнал беру жүйесін орнатпаса әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Жеке тұлғаларға 1852 теңгеге дейін, ал заңды тұлғаларға 9-13 мың теңге аралығында айыппұл салу қарастырылған. Полиция Алматыдағы Бостандық ауданын қылмыс көп болатын аудан ба, жоқ па - оны хабарламады.