Бозшакөл комбинаты құрылысында екі адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бозшакөл комбинаты құрылысында екі адам қаза тапты Фото ©Нұрғиса Елеубеков

Павлодар облысының Екібастұз ауданындағы Бозшакөл тау-кен байыту комбинаты құрылысында екі жұмысшы қаза болды деп хабарлайды Tengrinews.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметі бойынша. Қайғылы оқиға 3 ақпан күні сағат 13.35-те болды. Құрылыс-жөндеу жұмыстары кезінде арматуралы құрастырма құлап кеткен. Жазатайым оқиғаның салдарынан "Сеть строй" серіктестігінің 1995 жылы туған және 1976 жылы туған екі жұмысшысы жан тапсырды. Оқиғаға қатысты басқа мәліметтер жария етілмеді. Еске сала кетейік, өткен жылдың тамыз айында Павлодардағы құбыр ию зауытында су қыздыру қазандығы жарылып, бір адам қаза тапқан болатын. Тағы бір жұмысшы ауруханаға түскен еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети