Энергетика министрі баспасөз қызметінің өкілі Нұрлыбек Жеңісбек телеграм-каналында Қанат Бозымбаевтың неліктен қызметінен кеткенін түсіндірді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
Энергетика министрі баспасөз қызметінің өкілі Нұрлыбек Жеңісбек телеграм-каналында Қанат Бозымбаевтың неліктен қызметінен кеткенін түсіндірді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
Бүгін Қанат Бозымбаев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Энергетика министрі қызметінен босатылды.
"Бозымбаев мырза ҚР Президентіне денсаулық жағдайы туралы айтты, оның мойын омыртқасына ота жасалған. Осыған байланысты, дәрігерлердің нұсқаулығымен көлік және әуепойыздарымен жүруды қысқартуы керек. Сондай-ақ, дәрігерлер оған ұзақ физиотерапиялық қайта қалпына келу курстанынан өтуге кеңес берген", - деп жазды Нұрлыбек Жеңісбек.
"Министр өңірлерге салалық нысандарға, стансаларға және кен орындарына жиі сапарлайды, сондай-ақ шетелдік инвесторлармен және әріптестермен, соның ішінде халықаралық ұйымдармен - ОПЕК, МАГАТЭ және т.б. келіссөздер жүргізу үшін жиі сапарлайтыны белгілі", - деп түсіндірді ол.
2016 жылы 25 наурызда Павлодар облысының бұрыны әкімі Қанат Бозымбаев ҚР энергетика министрі болып тағайындалған еді.
Ол ведомствоны 2014 жылдың тамызынан берген басқарып келген Владимир Школьниктің орнына келген.
Еске салайық, Қанат Бозымбаев Павлодар облысының әкімі болып 2013 жылы тағайындалған еді. Оған дейін 2009 жылдың қарашасынан бастап Жамбыл облысының әкімі болып келді. Одан ертеде әр жылдары ұлттық компанияларда, Энергетика, индустрия және сауда министрлігінде, Экономика және сауда министрлігінде қызмет атқарды.