10 қазан 2017 | 10:42

Бозымбаевқа сөгіс жарияланды, ал вице-министр қызметінен айырылды - Сағынтаев бензин тапшылығына жол бергендерге шара қолданды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Қазақстанның энергетика министрі Қанат Бозымбаевқа сөгіс жариялау туралы ұсыныс енгізеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Қазақстанның энергетика министрі Қанат Бозымбаевқа сөгіс жариялау туралы ұсыныс енгізеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен мынадай шешім жасаймын. Үкімет мүшелеріне қатысты тәртіптік шараларды ел Президенті қабылдайтындықтан, мен бүгін Мемлекет басшысының атына энергетика министрі Қанат Алдабергенұлы Бозымбаевқа сөгіс жариялау туралы ұсыныс енгіземін", - деді Сағынтаев үкімет отырысында.

"Вице-министрлерге келсек. Бұл менің құзырымда. Сондықтан энергетика вице-министрі Әсет Мағауовқа қатысты қызметінен босату туралы шешім қабылдаймын. Бүгін кеңсе үкіметтің осындай шешімін дайындасын", - деді премьер-министр.

Еске салайық, бүгін өткен үкімет отырысында Сағынтаев министрден неліктен елде АИ-92 бензині тапшы екенін сұраған еді. "Жанар-жағармай нарығында қалыптасқан жағдайға назар аударамын. Өңірлерде дефицит байқалып отыр, бензин шектеумен, ал кей жерлерде тіпті талонмен сатылуда. Салдарынан баға өсіп кетті. Алайда, Қанат Алдабергенұлы (Бозымбаев - Авт.), үкіметтің өткен отырысында барлық проблеманы шешуге уәде бергенсіз, бірақ жанар-жағармай бойынша жағдай шешілмеді, яғни жағдай тұрақтанбады. Бұл қашанғы жалғаса бермек?", - деді Сағынтаев үкімет отырысында.

Қанат Бозымбаев 2017 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша АИ-92 қоры 292 мың тонна болғанын, ал қордағы бензинді тұтыну кезеңінен кейін мұнай базаларында бұл көрсеткіш 140 мың тоннаға азайғанын, мұның тұтынуға 15 күнге жететінін айтты. "Орташа баға 11 пайызға өсті. Ал импорт үлесі шілдедегі 15 пайыздан қыркүйектегі 30 пайыздан, қазандағы 40 пайызға дейін өсті. Бұл жерде дефицит сөзін қолдану дұрыс емес, елде дефицит жоқ", - деді министр.

"Сөзіңіз аузыңызда, елде дефицит болмаса, кезек қайдан шығып отыр? Халық түсінбейді ғой", - деді премьер-министр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети