Бозымбаев Астанадағы бензин бағасына қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бозымбаев Астанадағы бензин бағасына қатысты пікір білдірді

Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Астанадағы бензин бағасына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Астанадағы бензин бағасына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі.

"Астанадағы бензин бағасына қатысты негізгі мәселе Қазақстанның 30 пайызға Ресейден жеткізілетін АИ-92 бензиніне тәуелді болып тұрғанында. Қазақстан мен Ресей шекарасындағы АИ-92 бензинінің қымбаттағаны байқалады. Мен сенбі күні Ресейдің энергетика министрі Новак мырзамен кездестім. Біз отандық компанияларымыздың желтоқсан айында ресейліктерден көлемі 100 мың тоннаға дейін жететін отынды қалай жеткізетініміз туралы ойластырдық. Осындай көлемдегі бензин біздің үш зауытымыздың қуаттылығын арттыруға жетеді", - деді министр үкімет отырысы сыртында.

Сондай-ақ, Бозымбаев Павлодардағы мұнай-химия зауытындағы келеңсіздіктер жайлы еске салды. "Бұл біздің қараша айындағы жұмысымызға кедергі келтірді. Себебі, импорттау көбірек болды", - деді ҚР Энергетика министрі.

"Новакпен кездесу барысында Омбыдағы мұнай өңдеу зауыты мен Ресей маңындағы тағы бір мұнай өңдеу зауыты жайлы әңгімелестік. Біз жыл сайын 1 миллион 100 мың тонна бензинді импорттау жайлы қағазға қол қоямыз. Бүгінде бензин бағасы шамамен 130 теңге. Астанада 135 теңге көлемінде. Бірақ тағы екі немесе үш желідегі бензин бағасы қараша айында 128-129 теңге аралығында сақталады", - деді ведомство басшысы.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети