БҚО әкімінің орынбасары ҰБТ-дан кейін жүзуден президенттік тест тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

БҚО әкімінің орынбасары ҰБТ-дан кейін жүзуден президенттік тест тапсырды ©mgorod.kz

Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бахтияр Мәкен жүзуден президенттік тест тапсырды, - деп хабарлайды "Мой город" порталы.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бахтияр Мәкен жүзуден президенттік тест тапсырды, - деп хабарлайды "Мой город" порталы.

Басылымның мәліметінше, бүгін, 20 мамыр күні "Жайық Самалы" бассейнінде денешынықтыру және спорт басқармасының шенеуніктері тапсырған тестілеудің екінші кезеңі басталған. Норматив бойынша, президенттік деңгейдегі тапсырманы орындау үшін әкімнің 32 жастағы орынбасарына 43 секундта 50 метрге дейін жүзуі қажет, ал дайындықтың деңгейін дәлелдеу үшін бұл арақашықтықты 48 секундта еңсеру керек. Шенеунік тапсырған тестінің нәтижесі әлі белгісіз.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Бахтияр Мәкен мектеп оқушыларымен бірге ҰБТ тапсырып, 125 мүмкіндіктен 82 балл жинаған болатын. Шенеунік бес пәннен сынақ тапсырған: қазақ тілі, математика, Қазақстан тарихы, орыс тілі және дүние жүзі тарихы. Айта кетейік, үш сағат уақыт берілсе де ол 45 минут ішінде барлық тапсырманы орындаған. ҰБТ-дан кейін Мәкен тест күрделі болғанын, бірақ дайындалған жағдайда оны ойдағыдай тапсыруға болатынын айтқан.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 518.28  course up  602.54  course up  6.69  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети