БҚО-да науқас сәбидің ата-анасы министр Дүйсеновадан көмек сұрады

© Тұрар Қазанғапов

Батыс ?аза?стан облысында жа?а ту?ан нау?ас с?биді? ата-анасы е?бек ж?не халы?ты ?леуметтік ?ор?ау министрі Тамара Д?йсенова?а хат жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Батыс Қазақстан облысында жаңа туған науқас сәбидің ата-анасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеноваға хат жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ата-ананың жазған хаты электронық үкіметтегі министрдің блогында жарияланды.

"Жаңа туған қызыма көмек көрсетуіңізді сұраймыз. Бізге шетелде қымбат ем алу керек болып тұр, Данияда. Сирек кездесетін диагноз қойылды: туа біткен гиперинсулинизм. Материалдық көмек қажет. Өтінеміз, бізге көмектесеңіздер", - деп жазған қыздың әкесі.

Реклама
Реклама

Дүйсенова өз кезегінде министрліктің мемлекеттік орган екенін және ақшалай түрдегі материалдық көмектің көрсетілмейтінін айтты.

Сондай-ақ, ол Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік министрінің 2015 жылдың 30 маусымындағы № 544 бұйрығына сәйкес, науқастардың бюджет қаражаты есебінен ем алуға мүмкіндіктері бар екенін айтты.

Tengrinews
Автор сұрағы
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама