БҚО-да төрт баланың анасын қағып өлтірген экс-подполковник сот алдына келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

БҚО-да төрт баланың анасын қағып өлтірген экс-подполковник сот алдына келді © uralsweek.kz

Жол апатынан көз жұмған төрт баланың анасына қатысты өткен бірінші сот отырысында полицияның экс-подполковнигі өз кінәсін мойындады, - деп хабарлайды Уральская Неделя. Зардап шеккен тарап 34 жастағы Самат Наурызовтан келтірілген шығын үшін 30 миллион теңге талап отыр. Осылайша, экс-подполковник кінәсін мойындау туралы мәмілеге келетін болды.

Басылымның мәліметінше, жол апатынан зардап шеккен әйелдің адвокаты іс-материалдарына отбасының еске алу асына кеткен шығындарын қосуды сұрады. Сондай-ақ, қылмыстық іс материалдарына қаза болған әйелдің қызының еміне және адвокатқа кететін шығындар қосылды. Ал сотталушы тарап жұмыс орнынан және көршілері берген мінездемені іс-материалдарына қосты.

Экс-подполковник Самат Наурызов биыл 22 шілдеде төрт баланың анасын қағып өлтіріп, 24 шілдеде ұсталған болатын. Жол-көлік оқиғасы Зачаганск ауылында болған еді. Самат Наурызов сол күні үйлену тойын өткізу керек болған екен, бірақ ешқандай той болған жоқ. Жол апатынан қаза болған әйел мен зардап шеккен әйел де Ақтөбеден Оралға тойға келген.

Келесі сот отырысының бір аптадан соң болатыны айтылады. Келесі аптада тараптар кінәні мойындау туралы процессуалдық келісімге келеді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети