15 тамыз 2021 19:00

Бір алаштың баласымыз. ER-BATYR жобасында Асылхан Төлепов

ПОДЕЛИТЬСЯ

ER-BATYR жобасының жаңа қонағы - "Жаужүрек Мың Бала" фильмінде басты рөлде ойнаған театр және кино актері Асылхан Төлепов. Жүргізуші Тимур Балымбетовпен әңгімеде ол карьерасы қазір қалай дамып жатқанын, актерлік мамандық пен спортқа деген сүйіспеншілігі, сынға қалай төтеп беретіні, мемлекеттік қызметтегі тәжірибесі туралы айтып берді және "Гарант 24" ломбардындағы жағдайды түсіндірді. Жобаның жаңа шығарылымын ER-BATYR YouTube-арнасынан көріңіздер.


ER-BATYR жобасының жаңа қонағы - "Жаужүрек Мың Бала" фильмінде басты рөлде ойнаған театр және кино актері Асылхан Төлепов. Жүргізуші Тимур Балымбетовпен әңгімеде ол карьерасы қазір қалай дамып жатқанын, актерлік мамандық пен спортқа деген сүйіспеншілігі, сынға қалай төтеп беретіні, мемлекеттік қызметтегі тәжірибесі туралы айтып берді және "Гарант 24" ломбардындағы жағдайды түсіндірді. Жобаның жаңа шығарылымын ER-BATYR YouTube-арнасынан көріңіздер.

Жоба ұйымдастырушылары - Alash Media Group медиахолдингі және Montessori Qazaqstan қоғамдық қоры. Ақпараттық серіктестер - "Жетінші арна", Vostok FM радиоарнасы және "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Жобаның серіктесі - Altel ұялы байланыс операторы.

Жоба қонағы екінші ұлының есімін қалай қойғанын айтты. "Үйдегілер, ата-анам бірауыздан атын өзің қой деді. Атым Асылхан ғой, кішкентайымнан бері нағашыларым, жалпы туысқандарымыз бәрі Ахан деп еркелететін. "Ахан, Ахантай, Аханович, Ахан", айта берсе көп. Әлі күнге дейін мені Ақан дейді. Нағашы әжем мені әлі күнге дейін Ахантайым, Аханым дейді. Өзіме осы ат қатты ұнайтын. Кейін ер жеттік, ер жеткеннен кейін кастингтен өтіп, үлкен жобаға түстік. Ол жақта режиссердің аты Ақан болды. Ақан ағамызға қарадым, өте керемет жан, иманды, тәрбиелі, өз мамандығының нағыз хас шебері. Соның бәрін ойлай келе, ұлымның атын Ахан деп қойдым".

Сондай-ақ, актер кейінгі жылдары неге киноға көп түспей кеткенін түсіндірді: "2015-2016 жылдары роль көп болған жоқ. Шақыртулар да болмады, не себепті екенін білмеймін. Әрбір салада болады деп ойлаймын - бір биікке жетесің, жақсы келе жатасың да, тоқтап қаласың. Одан кейін қайтіп айналымға түсесің. 2015-16-да шынымен шақырту болған жоқ. Қысқаметражды фильмдер болды, соған шақырып жүрді. Сосын 2017 жылы басталды: "Шыңырау" фильміне түстім, содан кейін 2017, 2018, 2019-да өте жақсы болды. Ал 2020 жыл маған ғана емес, бүкіл салаға әсер етті деп ойлаймын. Биыл өзімді театрға арнадым".

Асылхан 2016 жылы депутат болып сайланған, сол кезде оған сын көп айтылды. Актер мұндай сынға қалай төтеп бергенін айтты. "Иә, қабылдау ауыр болды. Бірақ ер жігіт болғаннан кейін ондайға төзуге болады. Бірақ ондай сөздер анама ауыр болды. Ол кісілер оқиды, көреді. Неге сонша қатты сөздер жазады екен деп жүрегі ауырады. Ештеңе істемей тұрып жазды. Адамның іші пысып отырады да, жазайыншы дейді. Ол біреудің жүрегіне тие ме, оның жүрегі нашар ма, нашар емес пе - оны ойламайды. Аллаға шүкір, ол да бір үлкен мектеп болды. Жан-жақты көру керек, жұмыс істеп көрдім. Тау қопаратындай жұмыс атқармасам да, әйтеуір, өзімнің жасыма сай жұмыстар атқарылды", - деді ол.

Асылханның айтуынша, ол ата-анасына өте жақын: "Әкемнің қасына келіп, арқасын, аяғын уқалаймын. Ол мұны жақсы көреді. Кішкентай кезімнен әкемнің аяғын ұқалаймын, сол кезде әңгіме туады. Әлі күнге солай. Біреулер түсінбейді, бірақ ол әкең ғой. Анаңның аяғын ұстамасаң, әкеңнің аяғын ұстамасаң... Сондай кезде әңгімелесеміз, ақылдасамыз. Астанаға кетерде де, маған қиындау болды. Мен үйдің кенжесімін ғой, ата-анамның қасында болуым керек. Оларды қанатымыздың астына алуымыз керек. Өйткені, біз 30 жасқа келдік пе, олар 30 жыл бойы бізді қанатының астына алды, енді әрі қарай біз алуымыз керек".

ER-BATYR - ер адамдарға арналған ерлер туралы, ер адамның қоғамдағы ролі, оларға артылған жауапкершілік пен саналы ер адамның отбасының және қоғамның дамуына қосатын үлесі жайлы жоба. Жоба аясында танымал кәсіпкерлер, спортсмендер, түрлі мамандық иелері өмір құндылықтары, жанұясының тұрмыс-салты, сондай-ақ ер адамның отбасындағы және қоғамдағы ролі туралы айтады.

Бұған дейін жоба қонақтары футболшылар Давид Лория мен Самат Смақов, актерлер Тәуекел Мүсілім мен Санжар Мәди, шоумен және тележүргізуші Марат Оралғазин, коммуникация бойынша маман Әлішер Елікбаев, "Фридом Финанс" компаниясының бас директоры Тимур Турлов, кәсіпкер Райымбек Баталов, медиамагнат Арманжан Байтасов, Asar-ume қайырымдылық қорының негізін қалаушы Асхат Нұрмашев, Ninety one тобының продюсері Ерболат Беделхан, продюсер және актер Нұрлан Қоянбаев, сондай-ақ "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев болған.

Жобаның барлық шығарылымын ER-BATYR YouTube-арнасынан қараңыздар. Жобаның Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасы - erbatyrkz.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети