28 ақпан 2021 | 15:20

Бір аптадан кейін қар астынан табылған малшының жағдайы қалай? Дәрігер жауап берді

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Жезқазған дәрігерлері бір аптадан кейін даладан табылған малшы Амангелді Тұржановтың денсаулық жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жезқазған дәрігерлері бір аптадан кейін даладан табылған малшы Амангелді Тұржановтың денсаулық жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қостанай облысының тұрғыны Амангелді Тұржанов Жезқазған көпсалалы ауруханасына тікұшақпен жеткізілді.

"Денсаулық жағдайы тұрақты. Ол консервативтік ем қабылдап жатыр, есін біледі. Сөйлеу қабілеті қалыпты", - дейді Қарағанды ​​облыстық денсаулық сақтау басқармасы Жезқазған аймақтық кеңсесінің баспасөз хатшысы Елизавета Васильева.

Реклама
Реклама

Дәрігерлердің айтуынша, шопанның тізесі мен қолын үсік шалған.

Айта кетейік, бір апта бұрын ауа райының нашарлауына байланысты жоғалып кеткен малшы Амангелді Тұржановтың Қостанай облысы Амангелді ауданы аумағында табылғаны хабарланған еді.

21 ақпанда Амангелді ауданында жылқыларын іздеп шыққан ер адам жоғалып кеткен. Қостанайлық құтқарушылар өтініші бойынша Төтенше жағдайлар министрлігі көмекке тікұшақ жіберді. Ер адам Обалы елді мекені маңында қар астында табылды.

Оның жанында жылқысы тұрған. Амангелді Тұржанов Қарағанды облысымен шектес аумақта табылғандықтан Жезқазған ауруханасына жеткізілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная