1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

"Қар астында жан сақтаған". Бір апта бұрын жоғалған малшы аман табылды 27 ақпан 2021, 16:04

Қостанай облысында бір апта іздестірілген малшы аман табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Қостанай облысында бір апта іздестірілген малшы аман табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Амангелді Тұржанов 20 ақпанда Амангелді ауданында жоғалып кеткен. Ол жылқыларды іздеуге шыққан.

Ауқымды іздеу жұмыстарына елуге жуық адам қатысты: полицейлер, құтқарушылар және жергілікті тұрғындар. Сондай-ақ, 49 жастағы ер адамды іздеуге 26 ақпанда Нұр-Сұлтаннан тікұшақ жіберілді.

"Жергілікті ауыл шаруашылық кәсіпорындарының бірінде малшы болып жұмыс істейтін 1971 жылғы ер адам 27 ақпанда сағат 11.30-да Обалы елді мекенінің маңында ұшу кезінде табылған", - деді ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

Амангелді Тұржанов Жезқазғанға ауруханаға жеткізіліді. Дәрігерлер оның жағдайы қанағаттанарлық екенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!