Қазақстандықтар Теміртау тұрғыны, тоқу және пәтер жөндеу арқылы күн көретін Жанна Бәкеноваға көмектесті. Оған иірімжіп, азық-түлік сыйлаған, ал полицейлер оның жуынатын бөлмесін жөндеп берген. Әйел көмектескен адамдарға ризашылығын білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жанна Бәкенова проблемасына бей-жай қарамайтын қазақстандықтарға алғыс айтты.
"8 наурызда бұрын-соңды алмағандай гүл алдым. Халық қаржылай көмектесті, иірімжіп сыйлады, азық-түлік әкелді. Сондай-ақ, Қарағанды-Сортировочная станциясындағы полиция желілік бөлімінің басшылығына алғыс айтқым келеді. Олар келіп, маған қандай көмек керегін сұрады. Мен жағдай жасалмаған ваннаны көрсеттім. Кейін жұмысшылар келіп, жөндеп берді", - дейді Жанна Бәкенова.
Әйел қолайлы ваннаны бұрыннан армандағанын айтады.
"Бәріне рақмет", - дейді ол.
Көлік полициясы департаментінің баспасөз қызметі Tengrinews.kz сауалына жауап беріп, тәртіп сақшылары әйелдің оқиғасын естіп, көмектескісі келгенін айтты.
"Жаннаның жуынатын бөлмесіне жөндеу жұмыстары керек болып шықты. Көлік полицейлері жалақыларынан қажетті ақша жинап, жұмысшылар жалдап, тиісті жөндеу жұмыстарын жүргізді. Полиция бұл істі жария еткісі келмеді, өйткені олар мұны алғыс немесе марапаттар алу үшін жасамады", - деді ПД өкілдері.
Жанна Бәкенованың тағдыры ауыр. 2010 жылы Қарағандыдағы балалар үйінің бұрынғы тәрбиеленушісін автобус қағып кеткен. Жанна жабық бас сүйек жарақатын алып, аяғы сынған. 2018 жылы аяғын кесуге тура келген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!