"Бір айдан аса күттік". Ninety One жанкүйерлері Шымкент әкімінің парақшасына "шабуыл" жасады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Бір айдан аса күттік". Ninety One жанкүйерлері Шымкент әкімінің парақшасына "шабуыл" жасады Фото:instagram.com/ninetyone

Шымкент қаласының әкімдігі Ninety One тобының концертін өткізбей тастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкент қаласының әкімдігі Ninety One тобының концертін өткізбей тастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

5 шілдеде Шымкентте өтуі керек Ninety One тобының концертін Шымкент әкімдігі өткізбей тастаған. Сол себепті топ жанкүйерлері Шымкент әкімі Мұрат Әйтеновтің әлеуметтік желідегі парақшасына түрлі пікір жазып, "шабуыл" жасаған. 

Ninety One тобы концерт өтпейтіні туралы ақпаратты шарадан бір күн бұрын әлеуметтік желіде жариялады.

Әлеуметтік желіден алынған сурет

"Ninety One Tour 2022 аясында 5 шілдеде Шымкентте жоспарланған концерт болмайды. Ол кейінге шегерілуі мүмкін. Концерттің болмау себебі - Шымкент қаласы әкімдігінің шараны өткізуге рұқсат бермеуі", - деп жазды Ninety One тобы өкілдері ресми парақшасында.

Концерттің болмауы Ninety One тобының шымкенттік жанкүйерлерін ашуландырды. Жанкүйерлер Шымкент қаласы әкімдігі мен әкімінің  Instagram-парақшасына шабуыл жасады. Топ жанкүйерлері тіпті жазбаға #нетотменыконцерта91 деген арнайы хэштег ойлап тапқан.

Әлеуметтік желіден алынған сурет

"Ninety One концертіне рұқсат беруді сұраймыз. Осы концертті бір айдан аса күттік, кейбіреулері концертке басқа қалалардан келді", "Концерт өтуі керек", "Ninety One концерті неге тоқтатылды? Түсіндіріңіздер, нақты жауап күтіп отырмыз. Бұл қандай жауапсыздық? Бәріміз билет алып қойғанбыз", - деп жанкүйерлер желіде наразы болды.

Tengrinews.kz тілшісі концерттің өтпеу себебін білу үшін қала әкімдігіне хабарласқанымен, қала басшылығы жағдайға қатысты пікір білдіруден бас тартты.

Еске салайық, мамырдың аяғында Түркістанда Ninety One тобының концерті өтуі керек еді. Алайда жергілікті тұрғындар топтың Түркістанда өнер көрсетуіне қарсы болғандықтан, қала әкімдігі концертті тоқтатты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети