08 ақпан 2023 | 09:58

"Бір жарым минут жарты сағаттай болды". Түркиядан келген қазақстандықтар зілзала туралы не дейді?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Instagram/elen.kz Фото: Instagram/elen.kz

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі ұшағы Астанаға келді. Бортта 16 қазақстандық пен екі Қырғызстан азаматы болды. Олар Түркияның оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісі туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі ұшағы Астанаға келді. Бортта 16 қазақстандық пен екі Қырғызстан азаматы болды. Олар Түркияның оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісі туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматылық Марина Фаргиева немересі Аминмен бірге Газиантепке Түркия медицина университетінде білім алып жатқан екінші немересі Ибрагимге барған.

"Онда жер сілкінісінің ошағы болды. Жер сілкінісі, әрине, қорқынышты. Үйге оралғанымызға қуаныштымыз. Университетте немереме елшілікке хабарласуды ұсыныпты. Елшіге өте ризамыз, оның аты-жөні есімде жоқ, бірақ ол өте жақсы адам. Ол бәрін тез жасады, міне, біз үйдеміз", - деді Марина Фаргиева.

Қазақстандықтарды Сыртқы істер министрлігінің өкілі күтіп алып, келушілерге автобус ұйымдастырды.

Қырғызстан азаматы Жанат шымкенттік жұбайы Айбөбекпен өздері тұрып жатқан Газиантеп қаласынан келген.

"Бұл мен көрген алғашқы осындай қорқынышты өмірлік тәжірибе болды. Бұл ауыр және өте қорқынышты. Бізде жер сілкінісі 3-5 секундқа созылады. Ал ол жерде бір жарым минутқа созылды, 6,5 балл болды, елестете аласыз ба? Үйде ұйықтап жатыр едік, таңғы 4 болатын. Үй қабырғасы жарылды, бірақ құлаған жоқ. Біздің жолымыз болды, бұл жаңа ғимарат болатын. Біз қабырғаға тұрып, күттік. Бір жарым минут жарты сағаттай болды", - деді Жанат.

Қырғызстан азаматтарын әуежайдан Қазақстан халқы Ассамблеясы Қырғыз қоғамының төрағасы Шавкат Исмаилов қарсы алған. Ол баспана қажет адамдарға қонақүй бөлмелерін ұсынды.

Алматылық Райхан Нәбиева Түркияда қонақта болған.

"Мен сонда үш ай болайын деп едім, бірақ бұл қорқынышты жер сілкінісі... Өте қорқынышты болды. Таңғы төртте қонақта отырған едім. Шу болды, бәрі көшеге жүгіріп шықты. Таңертеңгі онға дейін көліктерде отырдық. Жер сілкінісі қорқынышты болды, үйлерге кіру мүмкін болмады. Көптеген құрбандар, достарымның жиені қаза болды. Үйлер қирап қалды. Көмек көрсеткендеріңізге рақмет", - деді Райхан Нәбиева.

Сонымен қатар, бұл ұшақпен бес фармацевт келді. Олар Түркияда Қазақстанның фармацевтика саласын таныстыру және іскерлік ынтымақтастық туралы келісімдер жасау мақсатында инвестормен кездесуге барған. Кездесу өтті, бірақ қайғылы оқиғаларға байланысты аяқталмай қалған.

Алматылық фармацевт Елена Ли барлық елдер Түркияға өте белсенді түрде көмектесіп жатқанын, бірақ сириялықтар да көмекке зәру екенін атап өтті.

"Ол жақта бірге оқыған танысым бар. Ол Түркия сияқты оларға ешкім көмектесіп жатпағанын айтты. Мүмкін болса Сирияға да көмек беруді сұрар едім, онда да қиранды көп", - деді Елена Ли.

Еске салайық, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында бірқатар жер сілкінісі болып, Сирияның бірнеше провинциясы да зардап шекті. Ең жойқын жер сілкінісінің магнитудасы 7-ден жоғары болды. Табиғи апаттар салдарынан Түркияда көптеген ғимарат қирады.

Соңғы мәлімет бойынша, Түркия мен Сирияда болған жойқын жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 7200 адамға жеткен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети