10 ақпан 2021 | 17:00

Бір жыл бос тұрған ШҚО бас санитар дәрігері қызметіне Қанат Тұрдиев тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ШҚО-да санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы тағайындалды. Бұл лаузым бір жылға жуық уақыт бос тұрды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

ШҚО-да санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы тағайындалды. Бұл лаузым бір жылға жуық уақыт бос тұрды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен 2021 жылдың 9 ақпанынан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы болып Қанат Тұрдиев тағайындалды.

Қанат Әбдісәлімұлы Тұрдиев 1964 жылы 9 қаңтарда Абай ауданының "Бірлік" совхозында дүниеге келген. 1991 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтының (ҚММИ) санитарлық-гигиеналық факультетін "дәрігер-гигиенист-эпидемиолог" мамандығы бойынша тәмамдаған. 1996 жылы ҚММИ күндізгі аспирантурасын бітірген, медицина ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын Қарағанды мемлекеттік медицина институтында оқытушы болып бастап, 2001 жылға дейін аға оқытушы, кафедра доценті және шығыс бөлімі деканының орынбасары болып жұмыс істеген.

2018 жылғы қазаннан бастап Қанат Тұрдиев ҚР ДСМ "Ұлттық сараптама орталығы" ШҚО бөлімшесінің директоры орынбасары қызметін атқарды.

Айта кетейік, ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы лауазымы бір жылдан аса уақыт бос тұрды. Бұған дейін ол қызметті Ғазиз Сүлейменов атқарған. Бірақ 2020 жылдан бері бұл лауазымда міндетін атқарушы орынбасарлар болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети