Бір жыл бұрын із-түзсіз жоғалған қазақстандықтар өлі табылды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бір жыл бұрын із-түзсіз жоғалған қазақстандықтар өлі табылды

Бір жылдан аста уақыт бұрын Петропавл мен Шымкентте жоғалып кеткен екі ер адам мен Шығыс Қазақстан облысында өткен жылдың тамызында жоғалып кеткен үш баланың анасы өлі табылды. Олардың өлімінің мән-жайы айтылмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі LIDER.KZ еріктілерінің Instagram желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

2020 жылдың ақпанында Петропавлда 1977 жылы туған Сергей Денисов белгісіз жағдайда жоғалып кеткен болатын. Ол теміржол вокзалының жанындағы жергілікті SV plus жатақханасында тұрған. Ол жоғалғанда қасында құжаттары, заттары болған.

1989 жылы туған Сергей Орлянский 2021 жылдың сәуірінде Шымкенттегі үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.

46 жастағы Сәния Садықова 2022 жылдың 12 тамызында із-түзсіз жоғалып кеткен. Үш баланың анасы кешкі уақытта Өскемендегі жұмысынан жалақысын алып, облыс орталығынан алыс емес Бозанбай ауылындағы үйіне кеткен. Одан кейін әйелді көрген-білген ешкім болмаған.

Үш адамның өлімі 2023 жылдың басында белгілі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети