Бір кереует 1,2 миллион теңге: Қазақстанда ауруханадағы ақша жымқыру схемасы әшкере болды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бір кереует 1,2 миллион теңге: Қазақстанда ауруханадағы ақша жымқыру схемасы әшкере болды Фото:depositphotos.com

Қаржылық мониторинг агенттігі "Қызылорда облыстық инфекциялық ауруханасы" ШЖҚ МКК-ның лауазымды тұлғаларына қатысты аса ірі көлемдегі бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қаржылық мониторинг агенттігі "Қызылорда облыстық инфекциялық ауруханасы" ШЖҚ МКК-ның лауазымды тұлғаларына қатысты аса ірі көлемдегі бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Аурухананың бас есепшісі медициналық кереуетті сатып алу бағасын үш есеге көтеру арқылы мемлекет қаржысын жымқырған.

"Тендер нәтижесінде ЖШС мен аурухана арасында жалпы құны 259 миллион теңгеге 220 медициналық кереует сатып алуға шарт жасалған. Бір кереуеттің бағасы 1,2 миллион теңге деп көрсетілген. Бірақ шын мәнінде оның нақты сатып алу бағасы 460 мың теңгеден аспаған, яғни көрсетілген бағадан үш есе арзан болған. Осылайша негізсіз қосылған шығын көлемі 129 миллион теңгеге жетті. Тергеу барысында күдіктілердің 111 миллион теңге тұратын мүлкіне тыйым салынды", - деп жазылған хабарламада.

Мемлекетке келтірілген 129 миллион теңге көлеміндегі залал толық көлемде өтелді. Бас есепші 2 ай мерзімге қамауға алынды. Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети