“Бір қолға - бір SIM-карта“. Қазақстанда ұялы нөмір жоспарын енгізу ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Бір қолға - бір SIM-карта“. Қазақстанда ұялы нөмір жоспарын енгізу ұсынылды Фото:depositphotos.com

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ЦДИАӨМ) жеке және заңды тұлғаларға SIM-карта сатуды шектеуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ЦДИАӨМ) жеке және заңды тұлғаларға SIM-карта сатуды шектеуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін мәжіліс отырысы барысында депутаттар елдегі алаяқтық жағдайларының жиілеп кету тақырыбын көтерді. Цифрландыру вице-министрі Асхат Оразбек ведомствоның SIM-карталарды бір қолға сатуды шектеу туралы ұсыныспен шығу ниеті туралы мәлімдеді.

"Қазір алаяқтар әлеуметтік желілерде жұмыс істейді. Негізінен WhatsApp-ты қолданады. Бірақ WhatsApp байланыс операторларын бұғаттай алмайды (...) Ұялы нөмірлер жоспарын мемлекетке қайтару үшін заңнамалық бастама көтереміз (...) Біз нөмірлік жоспарды мемлекетке қайтарамыз және азаматтар электрон үкімет порталында немесе eGov mobile қосымшасы арқылы ұялы телефон немес қалалық байланыс нөмірін алады. Сонымен қатар, бір адам алатын SIM-карталар санын шектейміз. Ал енді коммерциялық мақсатта SIM-карталарды бақылаусыз алатын заңды тұлғалар - олар әр нөмір үшін оны пайдалануын негіздеуі керек болады. Алдағы уақытта осындай бастамалармен сіздерге келеміз", - деді ресми өкіл.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети