28 ақпан 2014 | 10:34

Бір күнде жолда тұрып қалған 172 адамға көмек көрсетілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©ҚР ТЖМ баспасөз қызметі ©ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Өткен тәулікте Қазақстанда 172 адам жолдардағы қар құрсауынан құтқарылды деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "Алматы облысында 27 ақпан күні Талдықорған - Көксу әкімшілік жолында 34 жеңіл автокөлік (102 адамның 5-і - бала) және төрт жүк көлігі (7 адам) тұрып қалды. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің "Жедел құтқару жасағы" ММ күшімен автокөліктер тазартылған жол учаскелеріне көшірілді, одан ары қарай жолдарын өздері жалғастырды. Зардап шеккендер жоқ", - делінген таратылған хабарламада. Сондай-ақ, Алматы облысында Сарыөзек - Қоғалы тас жолынан тағы 11 жеңіл көлік пен бір жүк көлігі құтқарылды, оларда барлығы 40 адам болған, оның екеуі - кішкентай бала. Ал Қарағанды облысындағы Осакаровка - Киевке автожолында күртік қарға кептелген 5 көлікке көмек көрсетілді, оларда 13 адам болды, ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Сонымен бірге, Қостанай облысында құтқарушылар Арқалық қаласындағы ауруханаға бара жатқан екі әйелге көмек көрсетті, олардың бірінің науқас сәбиі болған. Республика бойынша барлығы 172 адам қар құрсауынан құтқарылды, оның сегізі - бала. Күртік қардан шығарылған көліктердің жалпы саны - 56.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.86   530.42   5.05 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети