Бір өңірде мектеп әкімшілігі шатыр жөндеуге 78 млн теңге жұмсамақ болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бір өңірде мектеп әкімшілігі шатыр жөндеуге 78 млн теңге жұмсамақ болған Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Ақмола облысында прокуратура 78 млн теңге сомасындағы мемлекет қаражаты заңсыз жұмсалуына жол бермеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақмола облысында прокуратура 78 млн теңге сомасындағы мемлекет қаражаты заңсыз жұмсалуына жол бермеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаланың білім беру мекемесі 78 млн теңге сомасына бюджет қаражаты есебінен шатыр жөндеуді жоспарлаған.

Алайда қала прокуратурасы мектеп бір жарым жыл бұрын ғана пайдалануға берілгенін және кепілдік қызметінде тұрғанын анықтады.

"Барлық жөндеу жұмысы мердігер есебінен жүргізілуге тиіс. Прокуратура енгізген қадағалау актінің нәтижелері бойынша мемлекеттік сатып алудың күші жойылды, кінәлі адамдар заңмен белгіленген жауапқа тартылды, ал тиімсіз жоспарланған бюджет қаражаты басқа да әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға бағытталды", - деп жазылған хабарламада.

Прокуратура мәліметінше, осы бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 473.19   553.17   6.15 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети