Бір отбасының жоғалып кеткен үш баласы Алматы тауларынан табылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бір отбасының жоғалып кеткен үш баласы Алматы тауларынан табылды видео кадры

Белгісіз жағдайда жоғалып кеткен бір отбасының үш баласы Алматы тауларынан табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Белгісіз жағдайда жоғалып кеткен бір отбасының үш баласы Алматы тауларынан табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Балаларды қала тұрғыны Ермек Шаншыбаев тауып алған. Ол балалардың жоғалып кеткені туралы ақпаратты WhatsApp хабарламалардың бірінен оқыған. Ер адам табылған балаларды видеоға түсіріп, чаттарға жіберген.

"Міне, бір қыз бен екі ұл. Олар тауда адасып кеткен екен. Түнде ит қуды дейді. Түні бойы қашып, таудан түсіп кеткен. Барлық чаттарға жіберіңіздер", - дейді Шаншыбаев видеода.

Tengrinews.kz тілшісімен сұхбатында ол балалар көршісінің үйінде түнеп шыққанын айтты.

"Таңертең малды жайлауға шығардым. Содан көршінің үйіндегі балаларды көрдім. Оларды алып, қазір ата-анасына тапсырғалы жатырмын", - деп қосты ер адам.

Еске салайық, бұған дейін үш бала жоғалып кеткені хабарланған болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети