Әлеуметтік қызметкерлер мен лауазымды тұлғалар ағашты заңсыз кескені үшін жазаны күшейтуді ұсынды. Бұл туралы Алматы қаласының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының есебінде белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әлеуметтік қызметкерлер мен лауазымды тұлғалар ағашты заңсыз кескені үшін жазаны күшейтуді ұсынды. Бұл туралы Алматы қаласының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының есебінде белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Міне, Арбаттағы ағаштарды шауып тастады. Бірақ ағаш қиратқаны үшін кішкентай айыппұл төленеді, сол себептен оны кесу оңай. Алматыда жыл сайын көп ағаш шабылады. Айыппұлды бірнеше есе жоғарлату керек деп есептеймін. Тағы, қаладағы экологиялық полиция қайда? Қала түкірік, темекіде батуда, тракторлар жүреді, экологияны ластайды, ешқандай бақылау жоқ", - деді Қоғамдық кеңестің мүшесі Бекнұр Кисиков наразылық білдірді.
Ұсынысқа жауап ретінде мемлекеттік орган басшысы ағаштарды кескені үшін жазалау шарасын күшейтіп жатқанын атап өтті.
"Бұл салада жұмыс жүргізіп жатырмыз, айыппұл құнын көтеруді ұсынғанбыз, бірақ бізді қолдамады. Кім екенің айтпай-ақ қояйын. Бірақ біз тағы бір бастаманы ұсындық. Біреу заңды түрде 1 ағашты кесіп тастаса, айталық, нысанды бұзу үшін орнына 5 ағаш отырғызуы керек. Ал бір ағаш заңсыз кесілсе, онда ол 50 ағаш отырғызуы керек", - деді ол.
"Бұрын біз белгілі бір биіктік пен салмақтағы ағаш сұрасақ, енді диаметрі мен тұқымы бірдейін талап етеміз. Мысалы: емен, үйеңкі, қылқан жапырақты ағаштар. Қаланың ерекше мәртебесі бар, менің ойымша, осыған байланысты бізге қолдау көрсетулері тиіс", - деп атап өтті Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бастығы Әсет Масабаев.
Экологиялық полицияға келсек, басқарма басшысы, бұл салада кадрлар жоқтығын айтты.
"5 қызметкерге көп жұмыс жүктеледі, бұл мәселеде бізге қызметкерлерді көбейту керек немесе полициямен жұмыс жасау керек. Қазіргі уақытта ІІД-мен бұл мәселені талқылап жатырмыз. Жылдың соңына дейін шешімге келеміз деп ойлаймын", - деп түсіндірді Әсет Масабаев.