Алматының түнгі клубтарының бірінде ақша үшін қыз шешіндіргендердің оқиғасынан кейін бір топ жігіт видеоүндеу жариялады.
Алматының түнгі клубтарының бірінде ақша үшін қыз шешіндіргендердің оқиғасынан кейін бір топ жігіт видеоүндеу жариялады.
Жігіттердің үндеуін Instagram желісіне "Нұр-Мұқасан" дуэтінің әншісі Мұқасан Шахзадаев жариялады.
"Ассалаумағалейкум, ел үмітін ақтаған, халықтың қамын ойлаған қазақтың нар қасқа азаматтары мен азаматшалары. Біз жалпы қазақ елі ұлдарымызды ұлықты, қыздарымызды қылықты қылып тәрбиелейміз. Қазақ қызды қырық үйден тыяды дейді. Кеше ғана болған жайт масқара. Біздің қаракөз қыздарымыз ақшаға шешініп жатыр тыр жалаңаш. Тыр жалаңаш бес мың теңгеге шешініп жатыр. Өзіміздің ұлттық киім - сәукелемен стриптиз билеп жатыр. Бұл не масқара, бұл не сұмдық. Қазақ елі, Алаш елі, жүрегі ер, намысы бар жігіттерге біз видео жолдап отырмыз. Мына дін жолында, өнер саласында, спорт саласында жүрген бір топ азамат пен азаматшалар, бізді қолдауларыңызды сұраймыз. Себебі болмауына кім кепіл? Ояныңдар, қазақтың намысшыл жігіттері!", - дейді жігіттер видеода.