03 наурыз 2014 13:54

Бір үйдің төрт адамын өлтіргендердің сотында жанжал шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жәбірленуші тарап. ©Роза Есенқұлова Жәбірленуші тарап. ©Роза Есенқұлова

Алматыда бір үйдің төрт адамын өлтіргендер сот үкіміне шағым келтірмекші. Бүгін, 3 наурыз күні қалалық сот ғимаратында соған байланысты жанжал шықты - марқұм болғандардың туыстары сот залына кіргізілмегеніне наразылық білдірді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сағат 09.30-да сотталушылардың бірінің әкесінің үкімді қайта қарау туралы арызына байланысты апелляциялық алқаның отырысы өтуі тиіс болған. Залға бірінші сотталушылардың туысқандары кіргізілді, ал жәбірленушілердің туыстарына кіруге рұқсат берілмеді. Кісі қолынан қаза тапқан аяғы ауыр әйелдің күйеуі Ержан Сатыбалды ішке енуге әрекет жасағанда өзін таныстырмаған күзетші қарсылық көрсетті. Осыдан кейін жанжал туды. Қалалық сот өкілдері сотталушылардың туыстарын залдан шығаруға мәжбүр болды. Марқұм болғандардың туыстары оларға жабыла кетті. Полицейлерге қосымша күш шақыруға тура келді. Жанжалдан соң жәбірленуші тарап сотқа кіргізілді. Бірақ судья арызды қараудан бас тартты, себебі оны сотталушы Бақытжан Мұқажановтың өзі емес, әкесі жазған. "Заң бойынша істі қайта қарау туралы арызды сотталушының өзі жазуы керек, сондықтан екі күн ішінде арызды қайтып әкелсеңіз, қарайтын боламыз. 5 наурыз күнгі сағат 10.00-ды белгілеймін", - деді судья. Тараптар залдан шыға бастаған кезде тағы да күтпеген жағдай болды. Сотталушылардың бірінің анасы есінен танып қалып, құлап түсті. "Бір отбасыны түгел тұншықтырып өлтірді, енді қалай үкімді жұмсартуды сұрайды? Мен судьядан әділ шешім шығаруды, атап айтқанда, істі қайта қараусыз қалдыруды сұраймын", - деді кісі қолынан қаза тапқан шаңырақтың отағасы Ержан Сатыбалды. Еске сала кетейік, жантүршіктірерлік қанды оқиға Алматыда өткен жылдың жазында болған еді. Қасына екі адам ерткен Өзбекстан азаматы бір жыл бұрын жөндеу жасаған пәтерге келеді, отбасының сенімді адамы болғаннан кейін олардан ешкім қауіптенбейді. Өзбекстандық Ихбол Тұрдиев Ержан Сатыбалдыны базардан құрал-жабдық әкелуге жібереді де, ол жақта үйдегі екіқабат әйел мен оның Қытайдан келген інісін өлтіреді, бұдан соң 3 және 7 жастағы екі бейкүнә сәбиді де буындырып тастап, су толы ваннаға салып кетеді. Үйге келген отағасы төрт адамның мәйітін көреді. Өзбекстан азаматы өзінің серіктерімен бірге пәтерден ақшасы бар сейфті алып кеткен. Қала көшелерінің бірінде олар сейфті ашуға әрекеттенген. Полиция күдіктілерді бірден қолға түсірді. Ұсталғандар кінәсін мойындады. Қылмыскерлерге өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы берілді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети