Алматы облысында браконьерлер қорықшы мен инспектор мінген қайықты Іле өзеніне батырып жібермек болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.
Алматы облысында браконьерлер қорықшы мен инспектор мінген қайықты Іле өзеніне батырып жібермек болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.
4 сәуірде Балқаш-Алакөл облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының Төменгі Іле балық инспекциясының мемлекеттік инспекторы "Майтан" ЖШС қорықшысымен Іле өзенінде бірлескен рейдтік іс-шаралар жүргізу кезінде тыйым салынған құралдарды (электр тогын) қолдана отырып заңсыз балық аулау дерегін анықтаған.
"Үш моторлы қайықта 6 заңбұзушы браконьерлікпен айналысып, ұстамақ болған кезде олар табиғат пайдаланушының жүзу көлігін суға батыруға әрекет жасап, оқиға орнынан бой тасалап кетті.
Бұл жағдайда ҚР Қылмыстық кодексінің 380-1-бабында көзделген құқық бұзушылықтың құрамы, яғни мемлекеттік инспектор мен қорықшының қызметтік міндеттерін орындау кезінде олардың өміріне қолсұғушылық", - делінген хабарламада.
Осы бапқа сәйкес жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор мен қорықшыға қатысты олардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде қасақана іс-әрекеттері үшін мүлкі тәркілене отырып 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланатыны айтылды.
"Сонымен қатар, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын заңсыз өндіргені үшін ҚР ҚК-нің 335-бабымен 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік белгіленді. Осыған байланысты Алматы облысы Балқаш ауданының полиция бөліміне 2023 жылғы 6 сәуірде ұстау кезінде қарсылық көрсету, қызметтік міндеттерін атқару кезінде лауазымды адамдарға шабуыл жасау және заңсыз балық аулау деректері бойынша іс жүргізу шешімін қабылдау үшін өтініш берілді", - делінген ведомство хабарламасында.
Бұл мәселе ҚР ЭТРМ Балық шаруашылығы комитетінің бақылауына алынған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!