01 наурыз 2016 | 16:45

Біреу өз ұлтын мақтай жөнелсе қорқынышты нәрселер басталады - Назарбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Akorda.kz © Akorda.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елдегі келісім пен бейбітшілік үшін қазақстандықтарға алғыс айтты. Сонымен қатар, ол Қазақстандағы жаңа мереке - Алғыс айту күнінің мағынасын түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елдегі келісім пен бейбітшілік үшін қазақстандықтарға алғыс айтты. Сонымен қатар, ол Қазақстандағы жаңа мереке - Алғыс айту күнінің мағынасын түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"(...) Біздің бабаларымыз халықтың басына түскен ауыр сынақтарға төтеп беретін күш-қуат дарытқан туған жерге және тағдырына риза сезімде болған. Олар әскери шапқыншылық жылдарында, қуаңшылық немесе жұт кезінде көмекке келген жақындарына, туыстары мен көршілеріне әрдайым алғыс айтқан. ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін және жер аудару сияқты қайғы-қасірет жылдары миллиондаған адам бір-біріне көрсеткен көмегі мен қолдауы үшін ризашылық танытты. Бұл барынан айрылған адамдарға тіршілік жасауға, үмітін қайта жалғауға, өмірді қайта бастауға күш берді", - деді Мемлекет басшысы Алғыс айту күніне арналған шара кезінде.

"Олар кезінде өздеріне де оңай болмағанына қарамастан қазақтардың қайырымдылығы үшін, сол кездегі тыйымдарға қарамастан батыл әрі риясыз көмегі үшін алғыс айтады. Қазақтар да бауырластарға туған өлкеге деген сүйіспеншілігі үшін, жеріміздің түрленуіне қосқан үлесі үшін, ұлттық мәдениетке, тілге және дәстүрге деген құрметтері үшін алғыс білдіреді", - деді Назарбаев.

Сонымен қатар, ол өз отбасының да жер аударып жібергендерді паналатқанын еске алды. "ХХ ғасырда Қазақстанда көпэтносты халық қалыптасты. Столыпин реформасы кезіндегі шаруаларды қоныстандыру барысында Қазақстанға Ресейден, Украина мен Беларусьтен 1 миллион 150 адам келді. 30-жылдары ұжымдастыру кезінде бұрынғы КСРО-ның орталық өңірлерінен тәркілеуге түскен 250 мың шаруа жер аударылды. Осы уақыттары өнеркәсіп нысандарының құрылысына 1,2 миллион адам келді. Сталин режимі кезінде тұтастай бір халықтар - 800 мыңға жуық неміс, 102 мың поляк, 507 мың Солтүстік Кавказ халықтарының өкілдері, 18,5 мың корей отбасы Қиыр Шығыстан жер аударылды. Оларды тауар вагондарына тиеп, қақаған қыста ашық далаға әкеп тастады. Ол кездері мұнда тек қазақтар ғана тұратын. Өздері жоқшылықта отырса да, қазақ отбасылары оларды үйлеріне кіргізді. Солардың бірі біздің үй болатын", - деді Президент.

Мемлекет басшысы өз отандарына кеткен халықтың үнемі алғыспен күтіп алатындарын жеткізді.

"(...) Германияға бара қалсаң, біздің немістер де, поляктар да алғыс айтып жатады. Осы алғыстар мен жылы сөздер ғана біздің көпұлтты Қазақстанды құтқарып, тұрақты етеді, гүлдендіреді", - деді Назарбаев.

"Біз жыл сайын саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнін атап өтеміз. Бүгінде біз - 100-ден аса этнос және 17 конфессия өкілдері татулық пен келісімде өмір сүріп жатқан бірегей елміз. Біз бірге қалалар мен кенттер салып, егін егіп, индустрияны дамытып, жол салып жатырмыз, отбасын құрып, бала тәрбиелеудеміз. Табыстарымызға бірге қуанып, ең қиын сәттерде бір-бірімізге қолдау көрсетіп келеміз. Менің тапсырмаммен Ассамблеяның бүкіл елдегі барлық қайырымдылық шаралардың үйлестірушісі ретіндегі рөлі Ұлт жоспары аясында заңнамалық тұрғыдан бекітілді. Ассамблея тарихы - біздің достығымыз бен тұрақтылығымыздың тарихы. Алғыс айту күні бізді бұрынғыдан да жақындастыра түсетініне сенімдімін", - деді Мемлекет басшысы.

Елбасы алғыс айту күнінің қазақстандықтарды одан әрі жақындастыра түсетініне сенім білдірді.

"Бейбітшілік пен келісімде өмір сүру өнері - біздің ең құнды тәжірибеміз және оны сақтауымыз керек. Осы қарым-қатынасымызды сақтап, дамытуға тиіспіз. Әлемде біреу өз ұлтын басқалардан артық көретінін айтса, қорқынышты жағдайлар болып жатқанына куә болып жүрміз. Бізді құдай бірдей етіп жаратты, содан кейін ғана біз ұлтқа, дінге бөлінеміз. (...) Осы қарым-қатынасты сақтап, дамыту керек. Өмірде түрлі жағдай болады. Бірақ біз майда нәрселерге көңіл аудармауымыз керек. Достығымызды ұлғайтып, бір-бірімізге деген сенімді арттыру керек", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ол осы күні көмекке зәру болғандар мен жақындарымызға қолдау көрсету керек екенін атап айтты.

"Менің халыққа Жолдауымды, "100 нақты қадам" Ұлт жоспарын жүзеге асыру жүріп жатыр. Біз "Нұрлы жол" жаңа экономикалық саясатын іске асырыа жатырмыз. Сондықтан мен бүгін бірлік пен келісімге, достық пен өзара түсіністікке деген құлшынысы үшін бүкіл Қазақстан халқына зор ризашылығымды білдіргім келеді. Әр үйде татулық, жақсылық және береке болсын. Алғыс айту күні еліміздің ең айшықты, әркімнің де жүрегіне жақын мейрам болатынына сенімдімін", - деді Қазақстан Президенті.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети