Бірғаным Әйтімова жаңа қызметке тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бірғаным Әйтімова жаңа қызметке тағайындалды © Тұрар Қазанғапов

Бірғаным Әйтімова Сенаторлар кеңесі төрағасының орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бірғаным Әйтімова Сенаторлар кеңесі төрағасының орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

30 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда Сенаторлар кеңесінің бірінші отырысы өтті. Отырыс барысында Бірғаным Әйтімова төрағаның орынбасары болып сайланды. Кеңес хатшысы болып депутат Нұрлан Қылышбаев тағайындалды. Кеңесті Сенат төрайымы Дариға Назарбаева басқарады.

Сенаторлар кеңесіне Парламенттің бұрынғы және қазір жұмыс істеп жатқан 50 депутат кірді.

Осыған дейін, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше сенаторлардың, оның ішінде Бірғаным Әйтімованың өкілеттігін тоқтатты.

Бірғаным Әйтімова 1953 жылы 26 ақпанда Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Әр жылдары жастар ісі, туризм және спорт министрі, Қазақстанның Израиль мен Италиядағы елшісі болды. Сондай-ақ премьер-министрдің орынбасары және БҒМ басшысы болып жұмыс істеді. БҰҰ жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілі болды. 2013 жылдың 26 тамызында Сенат депутаты болып тағайындалды.

Сенаторлар Кеңесі консультативтік-кеңесші орган болып табылады және қолданыстағы және бұрынғы депутаттардың ұсыныстарын әзірлеу, тәжірибе алмасу, парламентаризмді дамытуға бағытталған шараларды өткізу үшін құрылған. 

Айта кетейік, мамыда Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа Құрметті сенатор мәртебесі берілген еді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети