Біржолғы зейнетақы жинағы: ақшаны балалардың еміне жұмсауға мүмкіндік пайда болды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Сурет: Тұрар Қазанғапов Сурет: Тұрар Қазанғапов

Денсаулық сақтау министрлігі емделуге берілетін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларын өзгертті. Жаңа жоба "Ашық НҚА" порталына талқыға жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Денсаулық сақтау министрлігі емделуге берілетін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларын өзгертті. Жаңа жоба "Ашық НҚА" порталына талқыға жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Емделуге берілетін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" жаңа жобада біржолғы зейнетақы төлемін балалардың еміне пайдалануға рұқсат беріледі.

"Алушыларға біржолғы зейнетақы төлемдерін өз баласын емдеуге пайдалануға жол беріледі", - делінген құжатта.

Сонымен қатар, жұбайының немесе жақын туыстарының біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалануға болады. Өтініш беруші медициналық мекемелерден шетелдік ұйымды да таңдай алады. Алушы ұсынған біржолғы зейнетақы төлемдерінің нысаналы мақсатына сәйкес келсе, уәкілетті оператор құжаттарды алған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде біржолғы зейнетақы төлемдері пайдаланылды ма, жоқ па тексереді. 

Емделуге ақы төлеуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдерінің нысаналы пайдаланылуын растайтын құжаттар мыналар:

1) қорытынды;

2) медициналық ұйым мен алушы арасында жасалған медициналық қызметтер көрсету туралы шарт және дәрілік заттарды сатып алуға сатушы мен алушы арасындағы шарт.

Ал біржолғы зейнетақы төлемдерін алған адам растаушы құжаттарды ұсынбаған жағдайда, қаражат арнайы шотқа түскен күннен бастап 45 жұмыс күні ішінде БЖЗҚ-ға қайтарылуы керек. 

Құжаттың толық мәтінін мына сілтемеден оқып, 14 наурызға дейін талқыға қатыса аласыз. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro