Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Фото:elements.envato.com

Нұр-Сұлтан мен бірнеше өңірде бұршақ жауып, жел соғады. Қазгидромет синоптиктері ауа райына байланысты ескерту жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтан мен бірнеше өңірде бұршақ жауып, жел соғады. Қазгидромет синоптиктері ауа райына байланысты ескерту жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтанда 13 маусымда күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан екпіні секундына 15-20 метр болатын жел соғады.

Ақмола облысының орталығында, солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауып, дауыл болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, солтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста, облыс орталығында жел екпіні секундына 15-20 метр болады.

Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай, дауыл болады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, күндіз солтүстікте және облыс орталығында секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

13 маусымда күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде жел екпіні секундына 15-20 метр болады.

Түнде Ақтөбе облысының шығысында, орталығында, күндіз оңтүстігінде найзағай ойнайды. Түнде облыс орталығында тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

Алматы облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында және таулы аймақтарында найзағай, бұршақ, дауыл болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 25 метрге жетеді.

Қостанай облысының батысы мен шығысында найзағай, бұршақ болып, дауыл соғады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде жел екпіні 25 метр болады.

Түркістан облысының тауларында қатты жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан соққан жел екпіні секундына 15-20 метр болады. 13 маусымда Шымкентте күн күркірейді.

Таңертең және күндіз Павлодар облысының батысы мен солтүстігінде найзағай болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында жел екпіні секундына 15-20 метр болады.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында, шығысында найзағай ойнап, дауыл тұрып, бұршақ жауады. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Батыстан, оңтүстік-батыстан соққан жел күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 метрге дейін жетеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети