Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елордадағы Қазақ елі монументінің алдында қазақстандықтарды бірлік күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елордадағы Қазақ елі монументінің алдында қазақстандықтарды бірлік күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Құрметті отандастар, елорданың құрметті тұрғындары. Қазақстан халықтарының бірлігі күнімен құттықтаймын. Бірлік деген сөздің өзі не тұрады. Тек бірліктің арқасында жетістікке жетуге болады. Тек бірліктің арқасында мемлекет құрып, оны қорғауға болады.
"Тәуелсіздігіміздің көмегімен көп жетістікке жеттік. Танымал, беделді мемлекет болдық. Бізге барлығы сенеді. Біз өзара қақтығысқандарды татуластырамыз. Соғыс болып жатқан жерлерді көріп отырсыздар ғой. Үйлерінен қашып, басқа елдерде жүруге мәжбүр болып отыр.
Бұдан Құдай сақтасын. Сондықтан сіздерді осындай мерекемен құттықтаймын. Біріншіден, осы бірлігімізді сақтағанымызды қалаймын, екіншіден, әрбір үйге, әрбір отбасыға зор денсаулық, бақыт пен сенімділік тілеймін", - деді Назарбаев.
Айта кетейік, іс-шара барысында түрлі ұлт өкілдері өнер көрсетті.
Cуреттер: akorda.kz
1 мамырда қазақстандықтар Бірлік күнін атап өтеді. Мемлекет басшысының жарлығына сәйкес, бұл мереке 1996 жылдан бері тойланып келеді.
Қазақстан халықтарының бірлігі күні елімізде тұрып жатқан 100-ден аса ұлт өкілін жақындастырады. Бұл күн - достық пен өзара түсіністіктің символы.