“Бірлік жүгірісі - 2025“ республикалық шарасына жамбылдықтар белсенді атсалысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Бірлік жүгірісі - 2025“ республикалық шарасына жамбылдықтар белсенді атсалысты Фото: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірілігі күні және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылған "Бірлік жүгірісі" марафоны Жамбыл облысының барлық өңірінде бір мезетте өтті.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірілігі күні және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылған "Бірлік жүгірісі" марафоны Жамбыл облысының барлық өңірінде бір мезетте өтті.

Облыс орталығы – Тараз қаласында өткен марафонда мәреден сөреге дейін табандылық танытып, сүрінбей жеткендер арасында жас ерекшелігіне қарай 16 санат бойынша жүлделі орындар сарапқа салынды.

Спорттық шараның ашылу салтанатында сөз алған Тараз қаласы әкімінің орынбасыры Ұлана Сламбекқызы ынтымағы жарасқан елдің тату-тәтті өмір салтының көрінісіне айналған айтулы мерекенің мән-маңызына кеңірек тоқталып, барша әлемге спорт саңлақтарымен танылған шаhар тұрғындарына шараға атсалысқандары үшін азаматтық алғысын білдірді.

Іс-шара барысында ұйымдастырушылар тарапынан қатысушыларға айрықша атмосфера сыйлайтын концерттік бағдарлама қамтылып, қатысушылар кәсіби мамандардан арнайы кеңес алуға мүмкіндік алды.

Суреттер: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ, салауатты өмір салтын берік ұстануға үндейтін марафонда жеңіл атлетика спорт түрлерінен де жасөспірімдер арасында жарыс ұйымдастырылды.

Tengrinews
Жамбыл облысы әкімдігі ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 515.16  course up  604.47  course up  6.52  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети