ҚР ІІМ ауа райының күрт суытуына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҚР ІІМ ауа райының күрт суытуына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Жауын-шашын және тұманның түсуі, сондай-ақ Түркістан, Қызылорда, Жамбыл және Алматы облыстарында ауа температурасы күрт төмендеуі мүмкін. ІІМ осындай ауа райына байланысты аталған өңірдің тұрғындарына жолда мұқият болып, жылдамдық режимі және арақашықтықты, жол ережесінің басқа да талаптарын сақтау қажеттігін еске салады", - деп жазылған ведомствоның хабарламасында.
ІІМ жылдамдықты арттыру, ескерту белгілеріне назар аудармау және елемеу әрекеттерінің салдарлары қайғылы жағдайларға әкеп соғатынын ескертеді.
"Көктайғақ кезінде автомобильмен қауіпті маневрлер жасау және шұғыл тежеу жол-көлік оқиғаларын жасауға әкеп соғады. Жаяу жүргіншілер де дымқыл және тайғақ жолда автомобильдің тежегіш жолының ұлғаятынын ескеруі қажет. Сондықтан көлік құралының тоқтағанына көз жеткізу керек", - деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.
Еске салайық, кеше еліміздің оңтүстігіндегі бірнеше облыста қар жауған болатын. Ал солтүстігінде жатты жел тұрып, 400-ге жуық ғимарат зардап шеккен.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!