Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Атыраудағы түтін мен жағымсыз иістің себебі ретінде мұнай өңдеу зауыты мен газ-химия кешенінің жұмысын атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Атыраудағы түтін мен жағымсыз иістің себебі ретінде мұнай өңдеу зауыты мен газ-химия кешенінің жұмысын атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ведомствоның мәліметтері бойынша, 3 сәуірде болған бірнеше штаттан тыс жағдайлардың қабаттасуы, соның ішінде "Ақжайық" МТР-дегі қамыстың жануы, "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС-де түтін және Kazakhstan Petrochemical Industries Inc. ЖШС-де газдың жануы. (KPl).
"Мұның бәрі қолайсыз метеорологиялық жағдай және желдің болмауына байланысты маңызды экологиялық жағдай туғызды. АМӨЗ-де технологиялық режимнің бұзылуы, атап айтқанда, сұйықтықтың отын газына түсуі нәтижесінде П-2 пешінің жану режимінің қысқа мерзімді бұзылуы болды, бұл түтіндеуге себеп болды", - деді ведомство өкілі.
Еске салайық, бұған дейін Атырауда тұрғындар қаланы түтін басқанына шағымданғаны хабарланған болатын. Мұның себебі қамыстың өртенуі болған. Кейін Атырау облысы Төтенше жағдайлар департменті өкілдері өртсөндірушілер өрт сөндірумен айналысып жатқанын мәлімдеген еді. Сондай-ақ, қамыс өрті тікұшақпен сөндіріліп жатқаны белгілі болды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!