Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өкімімен бірнеше лауазымды тұлға қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өкімімен бірнеше лауазымды тұлға қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Әнуар Төлеуханұлы Садықұлов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің "Арыстан" қызметінің бастығы лауазымынан;
ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің басшысы тағайындалды
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Бірінші департаменті Үшінші басқармасының аға инспекторы Жасұлан Аманжолұлы Сәрсембай Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының қауіпсіздігі қызметінің бастығы міндеттерін уақытша атқарудан;
Қайрат Иматұлы Сұнтаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының басшысы қызметінен босатылды.