Қазақстанның бірнеше облысында (БҚО, Павлодар және Қарағанды) ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

4 наурызда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде боран соғып, батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады, күндіз тұман түседі, көктайғақ болады. Орал қаласында жел секундына 18 метр, күндіз боран соғып, тұман түсіп, көктайғақ болады.
4-5 наурызда Павлодар облысында желдің жылдамдығы секундына 23-28 метрге дейін жетеді деп болжанады.
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, 2-4 наурыз күні болжамдармен нөсер жауын-шашын арттыру аясында Қарағанды облысында қар еріп, еріген су жиналады және өзендерде қатқан мұздар ери бастайды", - делінген ekaraganda.kz хабарламасында.