Синоптиктер алдағы күндері еліміздің бірнеше өңірінде ауа райы бұзылатынын ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктер алдағы күндері еліміздің бірнеше өңірінде ауа райы бұзылатынын ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, 12-13 қазанда Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды облыстарында, 13 қазанда Павлодар облысында жауын-шашын күтіледі (жаңбыр қарға ауысады). Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде күші 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күшейеді. Күндіз ауа температурасы 3-10 градусқа дейін төмендейді.
Астанада да 12 қазанда күндіз, 13 қазанда тәулік бойы жауын-шашын күтіледі (жаңбыр сулы қарға ауысады). 12 қазанда оңтүстік-батыстан соғатын жел 15-20 м/с күшейеді.
11 қазанда Ақмола облысында түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, күндіз кей жерлерде екпіні 25 м/с күтіледі.