29 қараша 2018 16:08

Бірнеше өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.


Синоптиктер еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Жамбыл облысында ертең, 30 қарашада жауын-шашын, күндіз кей жерлерде қатты жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, кей жерлерде 30 м/с және аса күтіледі.

1 желтоқсанда түнде ауа температурасы 10-15, кей жерлерде 18-23 градус аязға дейін төмендеуі болжанады.

Алматы облысында 30 қарашада күндіз жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. 30 қарашада оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с.

1-2 желтоқсанда түнде ауа температурасы 8-13, кей жерлерде 18-23 градус аязға дейін төмендеуі болжанады.

Түркістан облысында 30 қарашада күндіз жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын болжанады. Кей жерлерде тұман, күндіз көктайғақ, бұрқасын болады. 30 қарашада оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с.

1 желтоқсанда түнде ауа температурасы 8-13, кей жерлерде 16 градус аязға дейін төмендеуі болжанады.

30 қарашада Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын сақталады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с, түнде екпіні 25 м/с жетеді.

Астанада түнде және күндіз 30 қарашада көктайғақ, бұрқасын, тұман, сақталады, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с.  

29 қарашада күндіз Маңғыстау облысында кей жерлерде желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі.

Актауда күндіз желдің екпіні 18 м/с дейін күтіледі.

30 қарашада Қостанай облысының кей жерлерде жаяу бұрқасын, тұман, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети