Алматыда бірнеше сағат ішінде автокөлігін дұрыс орналастырмаған 40 жүргізушіге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 5 ақпан күні сағат 15.00-дегі жағдай бойынша көлікті дұрыс қоймағаны үшін қырық жүргізушіге айыппұл салынып, 32 автомобиль айып тұрағына әкетілді.

"Әкімшілік полицияның әрдайым "Автотұрақ" жедел алдын алу шарасын өткізіп тұратыны белгілі. Бұл қаламыздың көшелері мен аулаларына көлік құралын қоюды реттеуге мүмкіндік береді. Мұнымен қатар, иснпекторлар бекітілмеген жерге көлігін қойып кеткен жүргізушілерді анықтап, заңбұзушылықтың жолын кеседі", - делінген баспасөз хабарламасында.
"Сонымен бірге, өзге көліктердің қозғалысына бөгет болатын тоқтау және көлік қою ережесін бұзған жүргізушілерді анықтап, оларды әкімшілік жазаға тарту бойынша жұмыстар жүргізіледі", - деді полиция өкілдері.
Полицейлер автокөліктердің, қоғамдық көліктердің жаппай тоқтап қалуына себеп болатын автокөліктерді анықтап, жолын кесу бойынша істер атқарылып жатыр.