27 желтоқсан 2019 | 13:22

"Бірінші рет рейске ұйықтап қалдым". Bek Air ұшағына кешігіп қалған жолаушының оқиғасы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елордалық Асхат Өтепов Нұр-Сұлтанға Bek Air ұшағымен жетуі керек болған, алайда ол өмірінде бірінші рет ұйықтап қалып, рейске кешіккен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Елордалық Асхат Өтепов Нұр-Сұлтанға Bek Air ұшағымен жетуі керек болған, алайда ол өмірінде бірінші рет ұйықтап қалып, рейске кешіккен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Асхат Өтепов Алматыға Өскеменнен сол түні келіп, Нұр-Сұлтанға азанда ұшуы керек болған. Бұл транзиттік рейс болатын, Шығыс Қазақстаннан Алматы арқылы үйіне, отбасына. Бірақ ол Асхат үшін соңғы болуы мүмкін еді. Ер адам қазірдің өзінде шок жағдайында екенін айтады. 

"Жұмысыма байланысты ұшақпен жиі жүремін, бірақ әуежайға ерте келіп алатынмын. Бұл жолы қонақ үй қызметкері таңғы бесте оятты. Мен ояндым да онлайн-тіркелуден өттім. Үлгеремін деп ойладым да, ұйықтап кетіппін. Оянсам таңғы тоғыз болған. Барлығы қоңырау шалып, екінші туған күніммен құттықтап жатыр, мен болсам не болғанын түсінбеймін. Жаңалықтарды ашсам, мынадай жағдай екен", - дейді Асхат. 

Ер адамның айтуынша, сол рейспен барған жағдайда аман қалуы екіталай еді, өйткені оның орны алдыңғы қатарда (5А). Соған қарамастан ол үйіне ұшақпен қайтатын болып отыр. Асхатты үйінде ата-анасы, жары және үш баласы күтіп отыр. 

Бүгін сағат 07:22-де Bek Air әуе компаниясының № Z2100 Алматы - Нұр-Сұлтан бағытындағы рейсі ұшу кезінде биіктікті жоғалтып, бетон қоршауға соғылған. Нәтижесінде екі қабатты ғимаратпен соқтығысқан. Бірден құтқару жұмыстары басталды, өрт шыққан жоқ. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети