Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Алматы облысында ауруханаға түскен балалардың менингиттің қай түріне шалдыққанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Алматы облысында ауруханаға түскен балалардың менингиттің қай түріне шалдыққанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Министрдің айтуынша, балаларға "сірлі менингит" диагнозы қойылған. Бұл диагноз адам өміріне қауіп төндірмейді және оны менигококк инфекциясымен шатастырудың қажеті жоқ.
"Бұл ауру қайта тарап жатыр деген сөз емес. Мұндай жағдайлар күнделікті тіркеліп жатыр. Оның көктемде және жазда Алматыда болған қауіпті менингококк инфекциясына қатысы жоқ. Әдеттегі сірлі менингит, ондай диагноз бізде көптеп тіркеліп жатыр", - деді Біртанов.
Алматы облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің өкілдері облыстағы менингит жағдайының тұрақты екенін айтып өтті.
Еске сала кетейік, осыған дейін Алматы облысында 3 оқушының менингит диагнозымен ауруханаға түскені жайлы хабарланған еді. Дәрігерлердің айтуынша, менингит диагнозымен жатқызылған балалар осы аптаның соңында дейін емдерін толық алып, үйлеріне қайтарылады.