21 қыркүйек 2018 | 14:41

Біртанов медицина қызметкерлерінің жалақысы қалай өсетінін айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов медицина қызметкерлерінің жалақысы қалай өсетінін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов медицина қызметкерлерінің жалақысы қалай өсетінін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау туралы заң жобасын талқылау барысында Біртанов медициналық қызметкерлердің жалақысы жайлы сөз қозғады.

"Кадрлар мәселесіне келетін болсақ, халықтың көші-қоны трендке айналғандықтан, бізде кадрлар аудандардан облыстарға, тіпті басқа елдерге ауысып жатады. Мұнда бірақ біреуді мәжбүрлеп жұмыс істете алмайсың. Ал біздің ең басты кемшілігіміз - жалақы деңгейі. Сондықтан жалақыны кезең-кезеңмен өсіру қажет. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету мәселесі бізде бірінші кезекте тұрғандықтан, келесі жылдан бастап осы салада жұмыс істеп жүрген қызметкерлердің және науқастарды қараудың жаңа әдістеріне көшкен қызметкерлердің жалақысын 20 пайызға өсіруді жоспарлап отырмыз. Яғни, барлық бірдей медицина қызметкеріне жалақысы өспейді, осы салада және жақсы жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақысы өседі", - деді министр депутаттарға.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети