Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Бірыңғай зейнетақы қорының жұмысына қатысты сын айтылды

16 Сәуір 2014, 14:46
0
Гүлжан Қарақұсова ©Тengrinews.kz
Гүлжан Қарақұсова ©Тengrinews.kz

Мәжіліс депутаты Гүлжан Қарақұсова Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын ұйымдастыру жұмысын сынға алды, - деп хабарлайды Теngrinews.kz тілшісі. ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетовке бағытталған сауалда зейнетақы қорының қызметіне қатысты толық ақпарат беру сұралып отыр.

Гүлжан Қарақұсова Келімбетовке жолдаған сауалында: "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қатысты мәліметтің жоқтығына орай азаматтардан көптеген шағым түсіп отыр. Президенттің тапсырмасы бойынша бұл қор біздің зейнетақы жинақтарымызды тиімді басқаруды жақсарту үшін құрылған. 1 сәуірде қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарын бірыңғай қорға өткізу аяқталғаны белгілі. Енді ел азаматтарының барлық зейнетақы жинақтары бірыңғай қорда шоғырланған", - деді ол.

Халық қалаулысының айтуынша, салымшылар жеке зейнетақы қорларынан бірыңғай қорға өткен кезде қосымша келісімшарттарды қайта жасаудың қажеттігі болмай қалуы мүмкін. Сондай-ақ, салымшылардың көпшілігі өз есепшоттары туралы мәліметтен хабарсыз.

"Салымшылардың зейнетақы жинақтары туралы ақпаратқа интернет арқылы немесе бірыңғай қордың филиалдары ашылмаған қалаларда қол жеткізуге мүмкіндігі жоқ. Есепшотының жағдайы жөнінде уақытында алынған мәлімет салымшыларға қанша ақшасының аударылғаны, қандай мөлшерде дивиденд есептелгені туралы хабардар болуға мүмкіндік беретін еді. Азаматтар қай кезде де жинағының толық аударылғанына сенімді болуы тиіс. Өйткені, былтыр кейбір қорлардың салымшылары зейнетақы жинағының бір бөлігінің жоғалғаны туралы ақпаратты жариялаған-тын. БЖЗҚ халықты ақпараттандыру және анықтама беру жұмысын жоғарғы деңгейде ұйымдастырмады, жеке зейнетақы шоттарын басқару рәсімінің ашықтығын қамтамасыз етпеді. Бұл өз кезегінде халық тарапынан наразылық удырып отыр" - деді өз сауалында депутат Қарақұсова.

 

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай