03 ақпан 2014 13:16

Б.Сағынтаев ұялы байланыс сапасын сынға алды

Фото PM.kz ©

Бүгін ҚР көлік және коммуникациялар министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев елордадағы ұялы байланыстың сапасынсынға алды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Астана бойынша байланыс жоғалып тұрады. Мен қазір осы жерде (министрліктің мәжіліс залы) отырып 3G жүйесін тексеріп көрдім, істемейді. Бұл көлік және коммуникацяилар министрлігінің ғимараты емес пе?! Сапа үшін, қолжетімді қызмет үшін де ұялы байланыс операторларынан сұраныс болуы қажет. Абонент сол үшін ақша төлеп отыр", - деді Б.Сағынтаев. Ал министрліктің ресми мәліметіне сәйкес, Астана мен Алматы қалаларында ұялы байланыстың сапасына мониторинг жасалды. Оның нәтижесі бойынша байланыс компанияларына жолданған ұсыныстар негізінде қосымша 1001 базалық станциялар орнатылды.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram