17 қыркүйек 2016 | 09:43

Бішкекте өткен саммитте ТМД елдеріне қатысты маңызды шешімдер қабылданды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бішкекте ТМД елдері басшыларының қатысуымен өткен саммитте бірнеше құжат мен саяси мәлімдемелерге қол қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Бішкекте ТМД елдері басшыларының қатысуымен өткен саммитте бірнеше құжат мен саяси мәлімдемелерге қол қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Отырыс барысында ТМД елдерінің жағдайы жайлы, қандай мақсаттар қою керектігі жайлы ашық талқылаулар өтті. Саммиттегі мемлекет басшыларының барлығы Тәуелсіз Елдер Достастығының маңыздылығын атап өтіп, оның ары қарай дамуы мен жетілуіне тоқталды. Ең бастысы - ТМД елдері қызметінің тиімділігін арттыру. Барлық елдердің басшылары ТМД  халықаралық ұйым болғандықтан осы ұйымның жұмысын одан әрі де жетілдіру керектігі туралы сөз қозғады", - деді ТМД атқарушы хатшысы Сергей Лебедев.

Қазақстан Президенті отырыс Достастықтың құрылуының мерейтойы жылында өтіп отырғанын айтты.

"1991 жылы қол қойылған Алматы декларациясы арқылы негізі қаланған Тәуелсіз мемлекеттер достастығы бүгінде елдерімізді жақындастыра түсетін бірегей алаң болып қала береді. Біздің Достастық жұмысын жалғастырып және болашаққа деген жоспарларды іске асыра отырып, өзінің өміршеңдігін, тиімділігін және перспективалылығын дәлелдеді. Сондай-ақ, Достастықтың тәжірибесі ЕАЭО және ШЫҰ тәрізді интеграциялық ұйымдарға да септігін тигізді. Осылайша, Алматыда 1991 жылы 21 желтоқсанда ТМД-ның құрылуы зор тарихи мәнге ие болды. Менің бастамам бойынша бүгін біз ТМД-ның 25 жылдығы жөнінде мәлімдеме қабылдап отырмыз. Ол бағдарды айқындап, алдымызға жаңа міндеттер қояды", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті Достастықтың қазір 2008 жылы қабылданған экономикалық даму стратегиясын іске асырудың үшінші кезеңіне көшкеніне назар аударды.

"Қазіргі уақытта әлемдік экономикадағы жағдай айтарлықтай өзгерді. Сондықтан Қазақстан Достастық елдерінің экономикалық дамуына серпін беруге арналған шаралар жиынтығын жандандыру түсуді ұсынды", - деді Қазақстан Президенті.

Ал Алмазбек Атамбаев өз кезегінде ТМД елдерінің арасындағы қарым-қатынастардың нығаятынына сенім білдірді. 

Бұдан бөлек, Қазақстан Президенті ТМД елдерін дамытудағы көлік-транзит әлеуетін тиімді пайдаланудың маңызды рөлін атап өтті.

"Кей жағдайда ауқымды көлік-транзиттік жобаларды іске асыруда елдер арасында бір-бірін қайталау кездесіп қалады, өзара келісудің жетіспейтіндігі байқалады. Осыған байланысты, бұл саладағы саясатымызды үйлестіру қажет. Бұл жобаларымыздың тиімділігін едәуір арттыруға мүмкіндік береді", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен бірге, Елбасы өткен жолғы кездесуде ТМД-ны заманауи жағдайға бейімдеу қажеттігі жөніндегі уағдаластыққа қол жеткізілгенін кеңеске қатысушылардың есіне салды.

"Тараптардың белсенді өзара іс-қимылы арқасында Достастықтың тиімділігін арттыратын нақты шаралар әзірленді. ТМД қызметін жетілдіріп, оның функционалдық икемділігіне қол жеткізу үшін тұрақты түрде жұмыс жүргізіп отыру қажет", - деді Қазақстан Президенті.

Кездесудің соңында  ТМД-ға 2017 жылы Ресей Федерациясының төрағалық етуі жөніндегі шешімді Қазақстанның құптайтыны айтылды.

Еске салайық, Бішкекте 16 қыркүйекте ТМД-ға мүше елдер басшыларының кеңесі өтті. Бұл іс-шараға сондай-ақ Әзербайжан Республикасының Президенті И.Әлиев, Армения Республикасының Президенті С.Саргсян, Беларусь Республикасының Президенті А.Лукашенко, Қырғыз Республикасының Президенті А.Атамбаев, Ресей Федерациясының Президенті В.Путин, Тәжікстан Республикасының Президенті Э.Рахмон қатысты.


Айнаш Өндіріс

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети