17 маусым 2014 | 11:56

Бұдырлы доңғалақтардың жолдарға зияны туралы тағы айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Аutocentre.ua ©Аutocentre.ua

Астана әкімдігі жолдардың тозу себептері туралы тағы мәлімдеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі әкімдіктің сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Астана әкімдігі жолдардың тозу себептері туралы тағы мәлімдеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі әкімдіктің сайтына сілтеме жасап.

"Жолдар неге тозады? Оның негізгі үш себебі бар: жолдармен жүк көліктерінің жүруі, жер асты суларының жақын орналасуы және бұдырлы шиналар", - делінген хабарламада. Соңғысы көп жылдан бері қызу талқыға түсіп жүр. Кейбір мемлекеттерде бұдырлы шиналарды пайдалануға тыйым салынса, басқалары жай ғана шектеу қойып, жол жабынының бүлінуін азайту мақсатында жеңіл бұдырларды қолдануға рұқсат еткен.

"Бұдырлы шиналар елордалық жолдардың тозуына әсер ететін себептердің ішінде үшінші орында. Көп жағдайда жол жабынын ауыр жүк тасымалдайтын көліктер бүлдіреді", - делінген хабарламада.

Астана жас қала, Бас жоспарға сәйкес оның шекарасы әлі толық қалыптасқан жоқ. Бүгінгі таңда елордада 1300 нысан салынып жатыр. Тәулік бойы ауыр жүк тасымалдайтын көліктер (бетонараластырғыш машина, көтерме крандар, КамАЗ-дар) келіп-кетіп жатады. Олар жылына 2 миллионға жуық рейс жасайды екен.

Қазіргі кезде елордада жол жөндеу жұмыстары бірнеше бағытта жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, проблемалық учаскелерде жүктемені азайту, шағын айналма жол салу, жаңа жолдар салып, ескілерін қалпына келтіру, тұрғын үй алаптарында жол инфрақұрылымын дамыту, сондай-ақ, көшелерді орташа жөндеу.

Көлік құралы неғұрлым ауыр болса, жол жабыны соғұрлым тез тозады. Оның үстіне Астана маңынан ағынды жер асты сулары өтеді. Елордада жол құрылысы барысында жергілікті жердің барлық геологиялық ерекшеліктері ескерілсе де, пайдалану кезінде жер асты суларының жол жабынының сапасына әсері сақталады.

Еске салайық, сәуір айында Президенттің қатысуымен өткен кеңесте Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов жолдардың тозуы туралы айта келіп, бұдырлы доңғалақтардың "бір қыста, алты айда асфальттың бір сантиметрін" тоздыратынын мәлімдеген еді. Бірақ шегеленген доңғалақтардың асфальтқа әсері әлі анықталған жоқ.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети