Бүгін ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 2019 жылы 24 қазанда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер 2019 жылы 24 қазанда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Қазақстанның басым бөлігі кең алқапты антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі, кей жерлерінде жауын-шашын жауады (көбінесе қар). Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, тұман күтіледі, солтүстік-батыста, солтүстікте, солтүстікте-шығыста көктайғақ күтіледі, солтүстікте және шығыста жаяу бұрқасын күтіледі.

"Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20, күндіз кей жерлерде екпіні секундына 23-28 метр күшейеді. Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел секундына 15-20 метр күшейеді. Павлодар облысының кей жерлерінде түнде тұман, көктайғақ күтіледі, түнде жел кей жерлерде секундына 15-20 метр күшейеді, күндіз басым бөлігінде секундына 15-20 метр күшейеді. Алматы облысының кей жерлерінде  түнде және таңертең тұман күтіледі, Жаланашкөл ауданында жел секундына 15-20 метр күшейеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел секундына 15-20 метр күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі, жел секундына 15-20 метр күшейеді. Қостанай облысында жел секундына 18 метр күшейеді", - делінген хабарламада. 

Сондай-ақ, Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды

Валюта бағамы

 522.24  course up  611.66  course up  6.55  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети