Бүгін ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 2019 жылы 10 қарашада ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер 2019 жылы 10 қарашада ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы сақталады, жауын-шашын жауады, шығыста-қатты, жел күшейеді, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Тек республиканың оңтүстік-батысы мен батысында ауа райы жауын-шашынсыз. Кей жерлерде тұман күтіледі.

"Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел секундына 15-20 метр күшейеді. Қарағанды, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел секундына 15-20 метр күшейеді. Ақмола облысының кей жерлерінде  тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, түнде және таңертең жел секундына 15-20 метр күшейеді. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, түнде жаяу бұрқасын күтіледі, жел секундына 15-20 метр күшейеді. Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі", - делінген хабарламада. 

Алматы облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі. Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, Маңғыстау облысында күндіз жел секундына 15-20 метр күшейеді. Қызылорда, таңертең және күндіз Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метр күшейеді, Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.
 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды

Валюта бағамы

 522.24  course up  611.66  course up  6.55  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети