Бүгін ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 2019 жылы 25 қаңтарда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер 2019 жылы 25 қаңтарда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

"Қазақстанның басым бөлігі атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінде болуымен тұрақсыз ауа-райы сақталады, республика бойынша жауын-шашын жауады, көбінесе қар түрінде, оңтүстіктің кей жерлерінде қатты жауын-шашын жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі сақталады", - делінген хабарламада. 

Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20, түнде екпіні секундына 23-28 метр, облыстың оңтүстік-батысында секундына 30 метр және одан да көп, кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел 15-20, екпіні секундына 25 метр күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі, жел 15-20, екпіні секундына 25 метр күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі, күндіз жел 15-20, екпіні секундына 23 метр. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын, күндіз кей жерлерде көктайғақ күтіледі, жел 15-20, екпіні секундына 23 метр. Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел секундына 16-21 метр, Жалаңашкөл ауданында секундына 24-29 метр күшейеді.

Ақмола, Қарағанды ​​облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, жел секундына 15-20 метр күшейеді. Атырау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, күндіз кей жерлерде жел секундына 15-20 метр күтіледі. Павлодар облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ, жел секундына 15-20 метр күтіледі. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, жел секундына 15-20 метр күтіледі.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде көктайғақ, күндіз жаяу бұрқасын, жел секундына 15-20 метр күтіледі. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел секундына 15-20 метр күтіледі. Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети