Бүгін 124 мың түлек үшін соңғы қоңырау соғылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін 124 мың түлек үшін соңғы қоңырау соғылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, республика бойынша 7 563 мектепте 2,6 миллион оқушы білім алады. "Биыл соңғы қоңырау 11 сынып бітіруші 124 мың түлек үшін соғылатын болады", - делінген хабарламада. Сонымен қатар, 2-ші және 15-ші маусым аралығында ҰБТ-ға 87 770 түлектің қатысатыны хабарланды. 4 498 түлек, оның ішінде Астана қаласынан 180-і "Алтын белгі" белгісін алуға үмітті.
Астана қаласының №3 мектеп-гимназиясында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповтің қатысуымен соңғы қоңырау өткізіледі. №3 мектеп-гимназиясы - Астанадағы ескі мектептерінің бірі, мектеп-гимназия Ақмола қалалық кеңес депутаттарының атқару комитетінің шешімі негізінде, 1940 жылы №3 ер балалар мектебі ретінде ашылған болатын.